Қазақстандықтар жүздеген елге визасыз баратын болады

Қазақстандықтар жүздеген елге визасыз баратын болады

Қазақстандықтар жүздеген елге визасыз баратын болады
ашық дереккөзі
Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Qazaqstan Live Fest халықаралық көрмесінде Қазақстан халқы визасыз бара алатын елдер санын 100-ге жеткізуді жоспарлап отырғанын айтты деп хабарлады turkystan.kz «Пандемияға байланысты шекаралар жабылып, шектеулер қойылған еді. Бүгінде шектеудің бәрі алынып тасталды. Қазақстанға келу бойынша 74 елге визасыз режим қайтарылды. Бұл тізімді 100-ге дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Кешеден бастап электронды виза беру қайта жанданды. Қазіргі уақытта Иран, Қытай, Үндістан азаматтары үшін визасыз режим енгізу мәселесі пысықталып жатыр», – деді Ержан Еркінбаев. Вице-министрдің сөзінше, биыл Қазақстанға 500 мыңнан 1 миллионға дейін шетелдік турист келеді деген болжам бар. Сонымен қатар Қазақстанға визасыз кіретін елдердің қатары артады. Қазақстан бүгінде ішкі туристердің саны 6,9 миллионға жетіп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізген.