Давид Дегтярев парапауэрлифтингтен Азия чемпионы атанды

Давид Дегтярев парапауэрлифтингтен Азия чемпионы атанды

Давид Дегтярев парапауэрлифтингтен Азия чемпионы атанды
ашық дереккөзі
Қазақстандық Давид Дегтярев Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан парапауэрлифтингтен Азияның ашық чемпионатында жеңімпаз атанды деп хабарлады turkystan.kz  рrosports.kz. сайтына сілтеме жасап. Ол 180 келіні бағындырып, алтын жүлдені жеңіп алды. Ал екінші орынды Қытай спортшысы (176 кг), үшінші орынды Вьетнам спортшысы (172 кг) иеленді. Давид Дегтярев – XVI жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионы, халықаралық жарыстардың жүлдегері және Азия рекордшысы. Айта кетсек, әйелдер арасында Гүлбану Әбдіхалықова 78 келі, Фариза Тулжан 85 келі салмақ дәрежесінде үшінші орынды иеленді. Ал жасөспірімдер арасында Максим Тен 126 келі салмақ көтеріп, Валерия Смирнова 52 келі салмақта сынға түсіп, алтын медаль жеңіп алды. Еске салсақ, 22 елден келген 180-нен астам спортшы 15-20 маусым аралығында Пхентхэк қаласында өтетін жарыстарға қатысуда. Ел намысын 18 спортшы қорғайды.