«Қара тізім»: WhatsАpp-қа жаңа опция қосылды

«Қара тізім»: WhatsАpp-қа жаңа опция қосылды

«Қара тізім»: WhatsАpp-қа жаңа опция қосылды
ашық дереккөзі
WhatsApp мессенджерінде жаңа қауіпсіздік қызметі пайда болды деп хабарлады turkystan.kz. Ол арқылы қолданушы өзінің профиліндегі суретті, кірген уақыты мен статусын кім көретінін біле алады. Осы уақытқа дейін пайдаланушылар WhatsApp-тағы жеке мәліметті мыналар бойынша таңдайтын еді:
  • Барлығы көреді;
  • Тек контактілер көреді;
  • Толығымен жасырылған.
ixbt.com сайтының хабарлауынша, енді осы функцияға «Менің контактілерімнен басқа...» деп аталатын тағы бір опция қосылды. Бұл опцияның көмегімен пайдаланушы ақпаратты басқа контактілерге көрінетін етіп сақтап, белгілі бір адамдардан фотосын, статусын және тағы басқа мәліметтерін жасыра алады. Яғни, «қара тізім» құруға мүмкіндігі бар.