Түркістанға барған турист 1 миллион теңгесін таксиде ұмытып кетті

Түркістанға барған турист 1 миллион теңгесін таксиде ұмытып кетті

Түркістанға барған турист 1 миллион теңгесін таксиде ұмытып кетті
ашық дереккөзі
Түркістанға қыдырып келген қызылордалық қонақ 1 миллион теңге салынған сөмкесін таксиде ұмытып кетті деп хабарлады turkystan.kz. Тек көліктің маркасы мен түсін ғана білетін ол ақшасының табылатынына үміттенбеген. Сонда да жақын маңдағы полиция пунктіне барып көмек сұраған. Түркістан қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камералары арқылы бірнеше сағат ішінде арызданушының сөмкесі қалып кеткен көлікті тапқан. Жоғалған сөмке мен ішіндегі ақшаны иесіне қайтарып берді. «Тәртіп сақшыларына алғыс айтамын. Мен үмітімді үзіп едім. Жақсы жандар бар екен. Қаражатымды түгел қайтарып берді», – деді қызылордалық тұрғын.