Жаңалықтар

Тәуелсіздіктің фотосуреттегі жылнамасы

ашық дереккөзі

Тәуелсіздіктің фотосуреттегі жылнамасы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының Қорында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған фотокөрме өтті. Фотокөрме Қазақстанның 1991 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі жаңаша тарихының түрлі кезеңіне арналған 25 бөлімді қамтитын бес тақырыптық стендтен тұрады. Астана тұрғындары мен қонақтары мемлекеттің қалыптасуын көрсететін бірегей тарихи кадрларды тамашалай алды. Семей полигонының жабылуы, Қазақстанның бірінші ғарышкерінің космосқа ұшуы, мемлекеттік рәміздердің қабылдануы, БҰҰ-на кіруі, ұлттық валютаның қолданысқа енгізілуі, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы, елорданы көшіру, Әлемдік және дәстүрлі дінде көшбасшыларының съезін өткізу, «Болашақ» бағдарламасын құру және басқа да көптеген кадрлардан тұрады. «Фотокөрме таймлайн режиміндегі ерекше форматта ұсынылған, онда еліміздің Тәуелсіздігінің даму хронологиясын көруге болады. Бірегей фотосуреттерден басқа, онда негізгі даталар, қызықты фактілер көрсетілген», деді фотокөрмені ашқан кезде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының Атқарушы директоры Сағындық Нұраханов. Іс-шараның ұйымдастырушылары — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры және Ақпарат және коммуникациялар министрлігі. Көрме жылдың аяғына дейін өтеді.