Жедел жәрдем келгенше 17 адам қайтыс болған – Алматы Прокуратурасы

Жедел жәрдем келгенше 17 адам қайтыс болған – Алматы Прокуратурасы

Жедел жәрдем келгенше 17 адам қайтыс болған –  Алматы Прокуратурасы
ашық дереккөзі
Алматылық тұрғындар Медеу ауданы әкімі мен прокурорымен кездесуде медициналық көмекті уақтылы алу мәселесін көтерді деп хабарлады turkystan.kz. Жедел медициналық көмек көрсету ережесі бойынша дәрігерлер бригадасы өмірге қауіп төндіретін жағдайларда шақыртуды алған сәттен бастап 10 минутқа дейін келуі тиіс. Алайда  прокурорлар шағынауданға ең жақын станция 20 шақырым жерде орналасқанын, бұл көбінесе кептелісті ескере отырып, фельдшерлердің келу уақытын кешіктіретінін анықтады.
«Талдау нәтижелерінен былтыр аталған шағынауданның 17 тұрғыны жедел жәрдем көлігі келгенге дейін қайтыс болып кеткенін білдік. Медеу ауданының прокуратурасы осы проблеманы шешу үшін уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актісін енгізді. Бұл акті бойынша «Алатау» ықшамауданында жеке жедел жәрдем станциясы ашылды, сондай-ақ 17 адамның қайтыс болу себептерін тергеу үшін арнайы комиссия құрылды», – делінген Алматы қалалық Прокуратурасы хабарламасында.