Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы әлемдік беделді марапатқа ие болды

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы әлемдік беделді марапатқа ие болды

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы әлемдік беделді марапатқа ие болды
ашық дереккөзі
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы «World Airport Awards» аталымы бойынша Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік өңірлік әуежай деп танылды деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. «World Airport Awards» – әлемдік әуежайлар индустриясындағы ең беделді марапат. Үздіктер дауыс беру нәтижесінде және арнайы жүргізілетін жаһандық сауалнама бойынша анықталады.
«Үздіктерді анықтау үшін әлемдегі 550-ден астам әуежайдағы жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен ыңғайлылық жан-жақты сарапталған. Бұл сыйлық – жаһандық әуежай индустриясы үшін сапа стандарты болып саналады»,  – деді «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратов.
Сауалнама 8 ай көлемінде жүргізіліп, оған 100-ден астам ұлт өкілінен тұратын әуежай клиенттері қатысқан. Зерттеу қорытындысы әуежайдың клиенттерге қызмет көрсету сапасы және тіркеу, ұшып келу, трансфер, сатып алу, қауіпсіздік, паспорттық бақылау сынды негізгі көрсеткіштер бойынша шығарылған.