19 маусымда елорда көшелерін жауып тастайды

19 маусымда елорда көшелерін жауып тастайды

19 маусымда елорда көшелерін жауып тастайды
ашық дереккөзі
Бұл шешім астанада өтетін марафонға байланысты қабылданды деп хабарлады turkystan.kz. 19 маусым күні сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін көшелер жабылады. Марафон бағыты Түркістан, Ақмешіт, Сығанақ, Достық, Қонаев көшелерінен басталып, Сарайшық, Тәуелсіздік және Мәңгілік Ел даңғылдарымен жалғасады. Сондай-ақ, ЭКСПО аумағының айналасындағы Түркістан және Ақмешіт көшелері 18 маусым күні сағат 12:00-ден 19 маусым күні сағат 15:00-ге дейін жабылатыны хабарланды.