«Құрт қаптады»: Павлодар орманы зардап шегіп жатыр

«Құрт қаптады»: Павлодар орманы зардап шегіп жатыр

«Құрт қаптады»: Павлодар орманы зардап шегіп жатыр
ашық дереккөзі
Павлодар облысында жасыл желекті жібек құрт басып алды деп хабарлады turkystan.kz. Жәндіктер бұған дейін Ертіс, Железин, Павлодар аудандарында анықталыпты. Енді Баянауыл ұлттық паркіне жетті. Парктің Жасыбай бөлімшесіндегі басшысы Қуанбек Мадин зиянкестер қайың мен теректің жапырақтарын жаппай жойып жатқанын жеткізді. Қазір жалпы аумағы 7 гектардай орман алқабы зардап шеккен. Ал инспекторлар жібек құрттарды алты күн бұрын ғана байқапты. Себебі ағаш жапырақтары сарғайып, түсе бастаған. Бұл туралы дереу орталыққа хабарланып, тиісті мамандар да шақырылыпты. Олар құрттың түрін анықтау үшін сынама алған. Зиянкестерге қарсы күрес шаралары енді басталмақ. Баянауыл табиғи ұлттық паркі ерекше қорғалатын аумақ болғандықтан химикатпен улауға болмайды. Күрес табиғи жолмен, яғни құстарға ұяшық жасау, құмырысқаларды жіберу арқылы жүргізіледі. Мамандардың айтуынша, жібек құрттар қатты нөсер, бұршақпен де кетеді екен.