«1 жасар сәби де бар»: Атырауда 10 адам уланып қалды 

«1 жасар сәби де бар»: Атырауда 10 адам уланып қалды 

«1 жасар сәби де бар»: Атырауда 10 адам уланып қалды 
ашық дереккөзі
Атырауда астан уланғандар саны 10 адамға жетті, оның 9-ы ауруханада жатыр деп хабарлады turkystan.kz qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап. Уланғандар қаладағы фаст-фуд әзірлейтін дүңгіршектен тауық етінен жасалған донер жеген. Инфекциялық ауруханаға түскен тұрғындардың арасында 1 жасар сәби де бар. Дәрігерлер қазір науқастардың жағдайы орташа екенін айтты. Болған жағдайға қатысты қалалық Полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып, кәсіпкерлік нысан өз жұмысын уақытша тоқтатты.
«Қазір он адамның тоғызы инфекциялық ауруханада ем алып жатыр. Жағдайлары бірқалыпты. Уланғандардың бәрінде дене қызуының температурасы 40-қа дейін көтеріліп, іш өту сипмтомдары болған», – деді облыстық Санитарлық эпидемиологиялық департамент басшысының орынбасары Әлия Бекешева.