Жаңалықтар

ҚазҰУ жаһандық сертификат иегері атанды

ашық дереккөзі

ҚазҰУ жаһандық сертификат иегері атанды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS WUR жаһандық рейтингі бойынша 150-орынға ие болды деп хабарлады turkystan.kz. Рейтинг қорытындысы 8 маусымда жарияланған еді. Осыған орай, білім ордасындағы «Әл-Фараби» кітапханасында университетке QS  рейтингісінің сертификатын тапсыру салтанаты өтті. Марапатты ТМД және Орталық Азия елдері бойынша QS рейтингтік агенттігінің аймақтық директоры Сергей Христолюбов университет ректоры Жансейіт Түймебаевқа табыстады. Агенттік өкілі ҚазҰУ-дің соңғы жылдардағы жетістігін атап өтіп, QS жаһандық рейтингіндегі талаптарға тоқталды. Университеттің алдағы даму жоспарымен, ғалымдардың ғылыми-инновациялық жобаларымен танысқан ол ұжымның алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биыл көптеген талаптар бойынша өз көрсеткіштерін едәуір жақсартты. Халықаралық деңгейдегі рейтингте 150-орынға жайғасу – үлкен көрсеткіш. Мұндай ҚазҰУ тарихында болмаған. Университеттің дамуына сүбелі үлес қосып, еңбек еткен оқытушы-профессорлар құрамы, ғалымдар мен барлық ұжымға алғысымды білдіргім келеді. Сіздердің білім ордаларыңыз дамыған мемлекеттердің университеттері арасынан оза шығып, алдыңғы қатарға жайғасты. Бұл – сіздердің еңбектеріңіз», – деді Сергей Христолюбов.