Қосшыда газ құю бекетінен өрт шықты (ВИДЕО)

Қосшыда газ құю бекетінен өрт шықты (ВИДЕО)

Қосшыда газ құю бекетінен өрт шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Автогаз құю станциясындағы газ-ауа қоспасы тұтанып, өрт шықты деп хабарлады turkystan.kz. Оқыс оқиға 16 маусым күні сағат 17:00 шамасында автогаз құю станциясындағы артық қысым клапанының іске қосылып, салдарынан өрт шықты.
Өрт сағат 18.15-те ауыздықталды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. № 34 өрт сөндіру бекеті оқиға орнынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрттің шығу себебін анықтап жатыр, - делінген хабарламада.
Өртті сөндіру үшін Ақмола облысы ТЖД-нің 11 қызметкері мен екі техникасы және Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-нің 10 қызметкері мен екі техника, Қосшы қаласының ЖАО өрт сөндіру бекетінің екі қызметкері мен бір техникасы жұмылдырылды.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Дчс Акмола (@aqmola_tjd)