Роза Әлқожа «Қырғыз елінің сахна жұлдызы» медалімен марапатталды

Роза Әлқожа «Қырғыз елінің сахна жұлдызы» медалімен марапатталды

Роза Әлқожа «Қырғыз елінің сахна жұлдызы» медалімен марапатталды
ашық дереккөзі
Арнайы марапатты әншіге қырғыздың «Роза Әлқожасы» атанып кеткен әнші Динара Тілекеева табыстады деп жазады turkystan.kz. Қырғыз елінен аманат арқалап келген арнайы қонақтар Алматының төрінде әнші Роза Әлқожаға құрмет көрсетті. Бұл марапат - Алатаудың екі бетін тең шарлап, халық ықыласына бөленген талантты әншінің шығармашылығына берілген баға. Ал сүйінші жаңалықты естіген жұрт бауырлас ағайынның бұл ісіне сүйсініп жатыр. Олар Роза Әлқожа қандай сый-құрметке болса да лайық деп санайды.
«Компазитор Ілия Жақановтан кейінгі қазақтың өнеріне берілген екінші марапат болды», - деді осы кешке қатысқан ақын Бақыт Беделхан әншіні құттықтай отырып.
Өз кезегінде әнші-композитор Қадырғали Көбентай бүгінде қазақ қызының әуезді әнін қырғыз әншілері сахнада орындап жүргенін ерекше атап өтті.