Қытайда су тасқынынан 6 адам қаза тапты

Қытайда су тасқынынан 6 адам қаза тапты

Қытайда су тасқынынан 6 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Қытайда толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған жаппай су тасқыны алты адамның өмірін қиды деп хабарлады turkystan.kz. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, елдің оңтүстік-шығысындағы Фуцзянь провинциясында бір үй құлап, салдарынан үш адам, Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында көшкіннің салдарынан тағы екі адам қаза тапты. Сонымен қатар Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономиялық ауданында сел салдарынан бір адам қаза тапты. Сондай-ақ үш адамның тағдыры туралы ештеңе белгісіз. Қатты су тасқыны салдарынан маусым айының басынан бері 200 мыңға дейін адам қауіпсіз жерге көшірілген.