Өзбекстанда химиялық зауытта жарылыс болды

Өзбекстанда химиялық зауытта жарылыс болды

Өзбекстанда химиялық зауытта жарылыс болды
ашық дереккөзі
Кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 17.55-те Өзбекстанның Алмалық қаласындағы «Максам-Өзбекстан» бірлескен кәсіпорнының цехтарының бірінде жарылыс болды деп хабарлады turkystan.kz. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс технологиялық процестің бұзылуынан болған. Салдарынан шеберхана ғимаратына зақым келген. Оқиға орнына жақын жерде болған жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды, жағдайы қанағаттанарлық. Жарылыс салдарынан қаза болғандар жоқ. Қазір жарылыс салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр.