Жаңалықтар

«Қазақтың найзағайы»: IBO Данияр Елеусіновтің видеосын жариялады

ашық дереккөзі

«Қазақтың найзағайы»: IBO Данияр Елеусіновтің видеосын жариялады

Халықаралық бокс ұйымы (IBO) әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Данияр Елеусіновтің (11-0, 6 КО) жаттығуда түскен видеосын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. «Қазақтың найзағайы! IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Данияр Елеусінов Лас-Вегастағы Top Rank Gym спорт залында жаттығып жатыр» деп жазылған ұйымның твиттердегі жазбасында. Айта кетсек, Данияр Елеусінов былтыр желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында аргентиналық Хуан Эрнан Леалды (15-3, 4 КО) жеңген болатын.

Kazakh Thunder! @IBOBoxing World Welterweight champion @d_yeleussinov🇰🇿 working the heavy bag at the TR Gym in Las Vegas, via @ThaBoxingVoice.#TrainingTuesday pic.twitter.com/vajjbYistz

— IBOBoxing (@IBOBoxing) June 14, 2022