Жаңалықтар

Басына қазақы тымақ киіп алған америкалық кім?

ашық дереккөзі

Басына қазақы тымақ киіп алған америкалық кім?

UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмонов америкалық Брендан Алленнің көз арбасуға тымақ киіп шыққанына қатысты мән-жайды айтты деп хабарлады turkystan.kz. UFC 275 турнирінде Аллен аустралиялық Джейкоб Малкунды төрешілер шешімімен жеңген болатын. Америкалық файтердің басындағы қазақы тымаққа қатысты Рахмонов мынадай мәлімдеме жасады. «Кейінгі айқастан кейін Брендан менің тымағымды сұрады. Мен оған «Айып етпе, бұл менікі, бірақ, келесі жолы саған Қазақстаннан өзгесін алып келемін» дедім. Апарып бердім. Ол – жақсы жігіт. Екеуміз доспыз», – деді ол.