Мемлекет басшысы: азаматтарымыз кейбір адамдардың шектен тыс байып кететініне наразы

Мемлекет басшысы: азаматтарымыз кейбір адамдардың шектен тыс байып кететініне наразы

Мемлекет басшысы: азаматтарымыз кейбір адамдардың шектен тыс байып кететініне наразы
ашық дереккөзі
Ұлттық құрылтайдың отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір адамдардың шектен тыс байып кететіні туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Азаматтарымыз саяси қолдауға ие болған кейбір адамдардың шектен тыс байып кететініне наразы. Оған қоса, олар байлықтарының қомақты бөлігін шетел асырып әкеткен. Халықтың ашуын түсінуге болады. Сондықтан менің Жарлығыммен Арнаулы мекемеаралық комиссия құрылды. Комиссияның міндеті – шетелге заңсыз шығарылған қаржыны елге қайтару. Бұл – өте күрделі жұмыс, ұзаққа созылуы мүмкін. Себебі көптеген заңдық процедурадан өту керек. Бірақ, біз қалай болса да, бұл мәселемен мұқият айналысуымыз қажет. Әйтпесе, әділетті қоғам туралы сөз қозғаудың өзі қиын болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.