«Тұтас елдің атынан Жошы ханның рухына Құран бағыштап, құрбан шалдым» - Тоқаев (ВИДЕО)

«Тұтас елдің атынан Жошы ханның рухына Құран бағыштап, құрбан шалдым» - Тоқаев (ВИДЕО)

«Тұтас елдің атынан Жошы ханның рухына Құран бағыштап, құрбан шалдым» - Тоқаев (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жошы хан тарихи-мәдени кешеніне барды деп хабарлады turkystan.kz БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі Жошы хан кесенесіне зиярат еткенін мәлімдеді.
«Мен құрылтайға келер алдында тұтас елдің атынан ұлы Жошы ханның рухына Құран бағыштап, құрбан шалдым. Жаңа Қазақстанды құру жолындағы тарихи қадамның киелі жерден басталуы жақсы ырым. Бәріміз бабаларымыздың аруағы қолдап, ісіміз оңынан болсын тілейміз»,   –  деді Президент Ұлттық құрылтай отырысында.
Президент қазақ құрылтайдарының бәрі ел дамуына зор өзгеріс әкелгенін айтты. Ұлттық құрылтай құрамына қоғамның түрлі топ өкілдері, беделді әрі белсенді азаматтар шақырылған. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етеді. Оның екі орынбасары бар: мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Жексенбай. Ал Ұлттық құрылтайдың хатшысы – Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева.