Путин Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады
Путин Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады
Ресей президенті Владимир Путин «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңның қабылдануына 25 жыл толуына орай Қазақстан халқын құттықтады. Бұл туралы Ресей президентінің ресми сайтында жарияланды.
Құттықтау жеделхатында Ресей басшысы Қазақстанның ширек ғасырда қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалады. Ол экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық дамудың өзекті мәселелерін шешудегі жетістіктер мен елдің әлемдік аренадағы жоғары абыройын атап өтті. Путиннің айтуынша, мұны Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдар аралығындағы тұрақты емес мүшесі болып таңдалуы айғақтайды.
Ресей президенті Еуразиялық экономикалық одақ пен басқа да құрылымдық көпжақты әріптестік аясындағы ресейлік-қазақстандық байланыс пен координациялық күш салуының белсенді дамып жатқанын атап өтті.
Владимир Путин Ресей мен Қазақстанның ағайынды халықтарының игілігі мақсатында Орталық Азия мен еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесі үшін стратегиялық серіктестік пен одақтық қарым-қатынастардың ары қарай нығая түсетініне сенім білдірді.