Киік атуға кімдерге рұқсат?

Киік атуға кімдерге рұқсат?

Киік атуға кімдерге рұқсат?
ашық дереккөзі
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі ақбөкендерге қатысты мәселеге пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. Айта кетсек, Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін бұйрық жобасын дайындаған еді. Ведомство өкілінің айтуынша, рұқсат тек белгілі бір ұйымдарға ғана берілмекші. Ал қарапайым тұрғындар мен аңшылардың аулауына болмайды. Киіктердің аулаға тек заңға сәйкес мамандандырылған ұйымдарға рұқсат.
«Бұл аңшылық емес. Мен сіздерге тағы да қайталап айтамын. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес 6 мамандандырылған ұйымның ғана атуына рұқсат беріледі. Бұл бізде қазірдің өзінде бар. Экономикаға кесірі тимеу үшін, киіктердің санын азайтамыз», - деді вице-министр Әлия Шалабекова.
Биологиялық реттеуді зерттеп жүрген ғалымдар құралай көбейгеннен кейін кейін Қазақстандағы киіктерді санады. Олар Батыс Қазақстан мен Ақмола облыстарындағы ақбөкендер тым көп екенін байқаған. Дала жануарларының жайылым мен егістіктерді таптап жатқанын осы өңірдің шаруалары былтырдан бері айтып келген. Тағы оқи отырыңыз: Қазақстанда енді ақбөкендерді атуға рұқсат берілуі мүмкін