Массаждың ақысын есірткімен төлеген полицей сотталды

Массаждың ақысын есірткімен төлеген полицей сотталды

Массаждың ақысын есірткімен төлеген полицей сотталды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының Алматы аудандық соты полиция подполковнигіне қатысты үкім шығарды. Ол массаждың ақысын есірткімен төлеген деп хабарлады turkystan.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Сарыарқа аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарынан 20 грамнан астам наша тәркіленген. Соның 2,1 граммын алып, массаж қызметі үшін төлеген. Салон қызметкері бәрін растады. Сотталушының кінәсі жедел-іздестіру шаралары кезінде жүргізілген әңгімелердің жазбалары арқылы да дәлелденді. Полиция подполковнигі Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша есірткі затын сатқаны және ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін айыпталды. 297-баптың 1-бөлігінде 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал 296-баптың 3-бөлігі 200 АЕК-ке (636 000 теңгеге) дейін айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар не 50 тәулікке дейін қамау түріндегі жазаны көздейді. Сотта жазаның жеңілдететін мән-жайлар ескерілді. Атап айтқанда, экс-полицейдің кәмелет жасқа толмаған балалары бар. Ал тәртіп сақшысының қабылдаған антын бұзуы қылмысты ауырлататын мән-жай болып саналады.
«Жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтардың қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, сот Т.- ға Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 1-бөлігі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру, Қылмыстық кодекстің 296-бабы, 3-бөлігі бойынша 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша Т. 5 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ, сотталушы полиция подполковнигі атағынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.