Нұр-Сұлтандағы әуежай түнде ғана жұмыс істейтін болады

Нұр-Сұлтандағы әуежай түнде ғана жұмыс істейтін болады

Нұр-Сұлтандағы әуежай түнде ғана жұмыс істейтін болады
ашық дереккөзі
Келесі айдан бастап Нұр-Сұлтандағы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары басталады. Осыған байланысты ұшақтар түнде ғана қона алады деп хабарлады turkystan.kz Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. Азаматтық авиация комитеті таратқан мәліметке сәйкес, жөндеу жұмыстары 15 шілде мен 8 тамыз аралығында күндіз жүргізіледі. Ал түнде рейстерді қабылдау және ұшыру шаралары атқарылады. «15 шілде мен 8 тамыз аралығында сағат 11:00-ден бастап 18:00-ге дейін Нұр-Сұлтандағы әуежайда ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары жүргізіледі», - делінген ресми хабарламада. Комитет мамандарының айтуынша, ақпан айында әуе компанияларына тиісті ақпарат берілді. Осыдан кейін ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарына қарай рейстердің кестесіне түзету енгізілді. Сондай-ақ мемлекеттік күзет қызметі мен «Бүркіт» әуе компаниясына ақпарат берілді. Осы ұйым Мемлекет басшысына қызмет көрсетеді.