Жаңалықтар

Түркістанда 9-сынып оқушысы ана атанды

ашық дереккөзі

Түркістанда 9-сынып оқушысы ана атанды

Түркістанда 9-сыныптың оқушысы босанып, ана атанған. Бұл туралы қалалық прокуратура жанындағы ведомствоаралық жиында айтылды деп хабарлады  turkystan.kz. Адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының мәліметінше, ерте жүктілік бойынша есепке алынған оқушы қыз қаңтар айында балалы болған. Осы жағдайдан соң ол «Аналар үйіне» жайғастырылыпты. Облыстық Білім басқармасы мамандарының дерегінше, оқушының өзі ата-ана қамқорлығынсыз қалған. Ол осыған дейін 75 жастағы кейуананың патронаттық қарауында болған екен. Оқушының айы-күні жақындағанға дейін сабақтан қол үзбегені белгілі болды. «Қаңтар айының 24-і күні босанып, 9-сынып оқушысында осындай жағдай орын алды. Мемлекеттік емтиханға алып келіп қатыстыруға тырыстық. Некрасов атындағы мектепте орын алған оқиғаға байланысты мектеп директорының мәжілісі өткізіліп, осыған байланысты қарамағындағы төменгі мамандарға, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, психологтарға ескертулер берілді», - деді Түркістан қаласы Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова.