Ит деп асырап жүрген үй жануары аю болып шықты

Ит деп асырап жүрген үй жануары аю болып шықты

Ит деп асырап жүрген үй жануары аю болып шықты
ашық дереккөзі
Қытай тұрғыны Су Юнь күшік сатып алған, алайда екі жылдан кейін оның ит емес, сирек кездесетін азиялық қара аю екені белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz. Әйел «итті» демалыста жүргенде сатып алған, оны тибеттік мастиф күшігі деп ойлаған. Отбасы үй жануарымен екі жыл өмір сүрген және осы уақытта әйел оның «біртүрлі» екенін байқаған. Ол өте көп тамақ жей бастаған. Жануардың иесі «иті» салмағы жүз келіден асқанын байқады. Юнь мамандарға хабарласқанда олар әйелге үй жануарының ит емес, сирек кездесетін азиялық қара аю екенін айтты. Жануар жабайы табиғатты қорғау орталығына жеткізілді. Онда оны табиғи жағдайда өмір сүруге үйретеді. Басылым азиялық қара аюларды аулау ұзақ жылдар бойы жалғасып келе жатқанын атап өтті. Қара нарықта жануар бірнеше мың доллар тұрады. Бұл аюдың өті дәстүрлі қытай медицинасында ем ретінде қолданылады.