Президент Ұлытау облысына барды (ВИДЕО)

Президент Ұлытау облысына барды (ВИДЕО)

Президент Ұлытау облысына барды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды деп хабарлады turkystan.kz. Президентті өңір орталығы Жезқазған қаласында Ұлытау және Қарағанды облыстарының әкімдері Берік Әбдіғалиұлы мен Жеңіс Қасымбек күтіп алды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақ әкімі Ұлытау облысы мен Жезқазған қаласын дамыту жөніндегі жоспарын таныстырды. Түстен кейін Президент Жошы хан тарихи-мәдени кешеніне барып, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысады.