Жаңалықтар

Өзбекстанда Қазақ ұлттық орталығының жиыны өтті

ашық дереккөзі

Өзбекстанда Қазақ ұлттық орталығының жиыны өтті

9-10 маусым аралығында Өзбекстан мемлекетінде «Өзбекстан – бақытты ұлттар мекені» атты республикалық Қазақ ұлттық орталығының 30 жылдық мерейтойы өтті. Шара Өзбекстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан қазіргі күнге дейін көптеген ұлттың бір аспан астында бейбіт өмір сүруіне жағдай жа­сап, «этник» сөзіне лайықты дамыту мен ұлтара­лық қатынастарды нығайтуда 30 жыл ішін­де жасалған жұмыстармен таныстыру мақ­сатында ұйымдастырылды. Мерейтойға Өзбекстан республикасы Ми­нистрлер кабинеті құзырындағы Ұлтара­лық қатынастар және шет мемлекеттермен дос­тық байланыстары комитетінің төрағасы Рус­там­бек Курбанов, Қазақстанның Өз­бек­стан­дағы Төтенше және өкілетті елшісі Дар­хан Сатыбалды, Өзбекстандағы респуб­ли­калық Қазақ мәдени орталығының басшысы Серік Үсенов, «Отандастар қоры» ҚеАҚ Прези­ден­ті Абзал Сапарбекұлы мен Өзбекстан ай­ма­ғындағы барлық аудандағы Қазақ мәдени ор­талықтарының басшылары, Өзбекстанда тұра­тын өзге ұлт орталықтарының өкілдері қатыс­ты. Бұл маңызды шара қазақтың қарлығаш биі Төле бидің жатқан жеріне зиярат етіп, Құран бағыштаудан бастау алды. Мырза Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлт­тық университетінде орталықтың 30 жыл­ды­ғына арналған: «Өзбекстан қазақтары: эконо­ми­ка, ғылым және мәдениет» атты ғылыми-тәжірибелік конференция ұйым­дас­тырыл­ды. Конференцияда «Орталықтың 30 жыл­да атқарған игі шаралары», «Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ыңтымақтас­тық­тың келешегі», «Қазақстан халықтары Ассамб­лея­сының ұлтаралық қатынастарды дамыту­да­ғы рөлі» мен «Шет мемлекеттермен достық бай­ланыстарда қандастардың орны» атты та­қырыптар қозғалды. Сонымен қатар Мекем­бай Омарұлының «Ташкент қазақтары тарихы және мәдени өмірі» атты кітабының тұсауке­сері өтті. Іс-шара барысында бірнеше маңызды кез­десу өтті. Атап айтсақ, «Отандастар қоры» де­легациясы Өзбекстан Республикасы Ми­нистр­лер кабинеті құзырындағы Ұлтаралық қа­тынастар және шет мемлекеттермен достық бай­ланыстар комитеті және Өзбекстан VATANDOSHLAR jamoat fondi басшылығымен кез­десіп, екіжақты бірлескен жобалар мен тә­жірибе алмасу мәселелері талқыланды. Қазақ мәдени орталығының 30 жыл­ды­ғына арналған іс-шарада Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универ­си­теті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда уни­­­верситеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қа­зақстан университеті, Оңтүстік Қазақстан мем­лекеттікі педагогикалық университеті мен М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университе­ті­нің қатысуымен «Білім» көрмесі ұйымдас­тырылды. Ташкент қаласының «Түркістон» кон­церт­тік сарайында қазақтың көрнекті суретшілері мен жазушыларының көрмесі өтті. Екі күндік бағ­дарламаның соңында қазақстандық ән­ші­лер­дің қатысуымен гала-концерт өтті. Кон­церт­ке танымал әнші Майра Мұхаметқызы, Ж.Шанин театрының әртіс­тері, эстрада ән­шілері мен «Қазына» би то­бы, Оркестр әртістері және Опера балет теат­рының балет тобы шақырылып, өз өнер­ле­рін көрсетті. Концерттік шара «Отандастар қоры» мен Шым­кент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйым­дастырылды.

               

Б.Балықбай