Сенат Жоғарғы Соттың судьяларын тағайындады

Сенат Жоғарғы Соттың судьяларын тағайындады

Сенат Жоғарғы Соттың судьяларын тағайындады
ашық дереккөзі
Бүгін Парламент Сенатының отырысында Жоғарғы Соттың судьялары қызметіне Әмір Досжан мен Қамбар Нұрышев сайланды деп хабарлады turkystan.kz. Жоғарғы Сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп Жоғарғы Сот судьясының қызметіне Ақмола облыстық сотының төрағасы Әмір Досжан пен Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышевты сайлау туралы ұсынысын айтты.
«Ұсынылған екі тұлғаның сот жүйесінде судья ретінде 33 жылдан астам жұмыс өтілі бар. Аудандық сотта судья ретінде еңбек жолын бастаған. Облыстық соттарды басқарған. Судьялар қауымдастығында беделге ие және Жоғарғы Соттың судьясы жұмысына тыңғылықты дайындықтары бар. Әмір Досжан пен Қамбар Нұрышевты Жоғарғы Соттың судьясына лауазымына сайлау туралы ұсынысты қолдауларыңызды сұраймын», - деді Денис Шипп.
Конститутциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков Досжан мен Нұрышевты Жоғарғы Соттың судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынысын қолдады.
«Сенатқа Конституцияның 55-бабының 1) тармақшасына, 82-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 31-бабының 1-тармағына сәйкес  Сенатқа Әмір Досжанов пен Қамбар Нұрышевты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметіне сайлауды ұсынамын»,  - деді Владимир Волков. 
Әмір Досжан Сарманқұлұлы 1962 жылы  дүниеге келген. Сот жүйесінде еңбек жолын 1989 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Темирязев аудандық сотының судьясы болып бастады. 1990 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Ленин аудандық сотының судьясы. 1990 жылы  Солтүстік Қазақстан облыстық сотының мүшесі болып сайланды. 1999 жылы   Қарағанды облысының Теміртау қалалық сотының төрағасы. 2002 жылы Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы. 2009 жылы Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымында қызмет атқарған. 2010 жылдың ақпан айында Жамбыл облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы болып тағайындалған. 2015 жылы Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы лауазымына тағайындалған. 2017 жылы  Ақмола облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Нұрышев Қамбар Жұмабайұлы 1961 жылы дүниеге келген. 1983 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. 1983-1987 жылдары – Гурьев қалалық халық сотының консультанты; 1987-1991 жылдары – Балықшы аудандық және Гурьев қалалық соттарының халық судьясы; 1991-1996 жылдары – Балықшы аудандық сотының төрағасы; 1996-2007 жылдары 2007-2011 жылдары – Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстық соттары алқаларының төрағасы; 2011-2014 жылдары – Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы; 2014-2016 жылдары – Атырау облыстық сотының сот алқасының төрағасы; 2016-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы; 2017 жылдың маусым айынан бастап Қызылорда облыстық сотының төрағасы.