Шетелдегі қазақ әдебиеті кеңесі құрылды

Шетелдегі қазақ әдебиеті кеңесі құрылды

Шетелдегі қазақ әдебиеті кеңесі құрылды
ашық дереккөзі

Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін шетелде туып, өзі өскен жер­лер­де қазақ көркемсөзін дамытуға үлес қосып жүрген қаламгерлердің шы­ғармашылығына назар аударыла бастады. Бұрын шетте өмір сүрген же­келеген ақын-жазушы, ғалымдардың аты ғана атажұртына белгілі болса, ен­ді бұлардың жазғандары тарихи Отанында танылуына кең жол ашылды. Дүниежүзі Қазақтары қауымдастығы, Қазақстан Жазушылары ода­ғының араласуымен олардың кітаптары шығарылып, шығармашылық кештері өт­­кізіліп жатты. Бұл дүниежүзіндегі бар қазақтың рухани бірлікте өмір сүр­генінің айғағы еді. Енді бұл үдеріс жаңа деңгейге көтеріліп жатыр. Осы аптаның басында Жазушылар одағының жанынан шетелдегі қазақ әде­биеті кеңесі құрылды. Кеңестің жаңар­тыл­ған құрамдағы алғашқы отырысы Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, бел­гілі ақын, академик, әдебиеттанушы ға­лым Бауыржан Жақыптың басқаруымен өтті. Жи­налыста Шетелдегі қазақ әдебиеті кеңе­сі­нің құрамы жасақталып, мәжіліске қатыс­у­шы­лар Әрмиябек Сағындықұлын кеңестің төра­ғасы етіп сайлады. Сондай-ақ кеңес төра­ға­сының орынбасары Мұрат Шәймаранұлы, хатшысы болып Бағдат Мүбарак сайланды. Ал қа­ламгерлер Сейітжанұлы Зуфар, Ахметбек­ұлы Алмас, Ислам Жеменей, Дағжан Белдеу­бай, Ахмет Өмірзақ, Жәди Шәкенұлы, Дәулет­бек Байтұрсынұлы, Рысбек Дәбей, Тұрсынәлі Рыс­келдиев, Тұрсынхан Зәкенұлы, Тоқтарәлі Таң­жарық, Мағиза Құнапия, Мақсұтқан Дәлей, Сейіт­хамза Сламхат, Серік Әкрамұлы, Шоқан Мұра­тхан кеңестің мүшелері болды. Шетелдегі қазақ әдебиеті кеңесінің төрағасы Әрмиябек Сағындықұлы 1956 жылы 13 желтоқсанда Қытай Халық Рес­­­публикасының Алтай аймағы Буыршын ау­даны Шұңқыр ауылында дүниеге келген. Ол 1982 жылы Іле педагогика инс­ти­ту­тын, 1988 жылы Шыңжаң педагогика университетін бітірген. Іле институтында, Шыңжаң педагогика университетінде оқы­тушы болған. 1993 жылдан бері Ұлттық ғы­лым академиясында ғылыми қызметкер. 1989 жылдан бері әдебиет зерттеумен, әде­би аудармамен, шығармашылықпен айна­лы­сады. «Тарбағатай», «Шұғыла», тағы басқа бас­паларда көптеген зерттеу еңбектері жарық көрген. Жиналыста Қазақстан Жазушылар ода­ғы басқарма төрағасының орын­ба­сары Бауыржан Жақыптың Шетелдегі қазақ әде­биеті кеңесі жайында сөз сөйлеп, оны құру­­дың мақсаты мен міндеті туралы айтты. Бұ­­дан соң кеңес мүшесі, белгілі ғалым, әл-Фара­би атындағы Қазақ ұлттық университеті «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының ди­ректоры, профессор, филология ғылым­дары­ның докторы, ҚР мәдениет қайраткері, Ха­лықаралық жазушылар Pen club мүшесі Ислам Жеменей сөз сөйлеп, өзінің қазақ әде­биетін Иран еліне таныту жолында істеп жат­­қан жұмыстарымен таныстырды. Ғалым­ның қазақ әдебиеті туралы зерттеулері Иран­ның бірнеше беделді басылымдарына жария­ланып, қазақ әдебиеті туралы зерттеу кітабы Иранның Қазақстандағы елшілігінің көмегі­мен жарыққа шыққан. Енді ол алдағы уақытта қазақ әдебиеті туралы бірнеше томнан тұра­тын зерттеу еңбегін парсы тілінде жазып жат­­қанын және оның алдағы кезде Иранда жа­рық көретіні жайында хабардар етті. Сол сияқты жиынға қатысқан шетелдегі қазақ әдебиеті кеңесінің мүшелері де сөз сөйлеп, Жазушылар одағы басшылығына өз ұсынысын айтты. Кеңес мүшелері шетелдегі қазақ әде­бие­ті мәселелеріне орай айына бір рет жи­налыс өткізіп тұруға келісті.