Жаңалықтар

Халыққа керегі – әлеуметтік жағдайдың жақсаруы – Геннадий ШИПОВСКИХ, Мәжіліс депутаты

ашық дереккөзі

Халыққа керегі – әлеуметтік жағдайдың жақсаруы – Геннадий ШИПОВСКИХ, Мәжіліс депутаты

Референдум халқымыздың бірлігін ай­шық­таған ірі саяси оқиға болды. Оның қоры­тындысы бойынша қазақ­стан­дықтардың 77,18 пайызы Конс­ти­ту­цияға өзгерістер мен то­лықтырулар ен­гізу­ді қолдады. «AMANAT» пар­тиясының өкіл­дері аймақтық үгіт-насихат жұмыс­та­рын тыңғылықты атқарудың нәтиже­сін­де сайлаушылар жоғары белсенділік та­ныт­ты. Депутаттар референдумды на­си­хаттаудан бө­лек, халықтың тұрмыс-жағ­дайын, әл-ауқа­тын да көзбен көріп қайт­ты. Халықпен бетпе-бет кездесіп, мұң-мұқтажын, арман-тілегін тың­даған Мәжіліс депутаты Геннадий Ши­повс­­­ких­пен сұхбаттасқан болатынбыз. – Еліміздегі ірі саяси оқи­ға­лар­дың бірі бүкілхалықтың рефе­рен­дум мәселесі қоғамда қызу тал­қы­лан­ды. Референдум әділетті қоғам құруға, Қазақстанның демокра­тия­лық жаңаруына қаншалықты әсер етеді? – Референдум – Жаңа Қазақстан­ның да­му жолындағы алғашқы бас­тамасы. Қа­зақстан референдумнан кейін су­пер­президенттік басқару фор­масынан пар­ламенті күшті пре­зи­дент­тік рес­пуб­ликаға көшеді. «Күшті Пре­зи­дент – ық­палды Парламент – есеп бере­тін Үкі­мет» қағидаты басшылыққа алы­нады. Көп­теген мемлекеттік орган­дардан есеп алу күшейеді. Соны­мен қатар Мә­жі­лістің депутаттық корпусы ара­лас үл­гімен сайланады: 70 пайызы – про­пор­ционалды, яғни партия атынан, ал 30 пайызы мажоритарлық негізде. Бұл дегеніміз – үміткердің қандай да бір пар­тияда болуы маңыз­ды емес, тікелей сай­ланады деген сөз. Ал облыстар мен рес­публикалық маңы­­зы бар қалалар мәс­лихат­тары­ның сайлауына да ара­лас үлгі енгізіле­ді. Бұдан былай мажо­ри­­тарлық жүйе бойын­ша әрбір аймақ Пар­ламенттің тө­менгі палатасына өзі­нің кемінде бір депу­татын сайлай ала­ды. Бұл жаңа үлгі Мә­жіліске көз­қара­сы әртүрлі азамат­тардың келуіне мүм­кіндік береді. Осы жерде мұндай сайлау жүйе­сі­нің бұрын-соңды болмаға­нын және осы сайлау жүйесінің де­мок­­ратиялық тартысқа алып келетінін ай­та кетуіміз керек. Мысалы, мажо­ри­тарлық жүйе бойынша облыста 3-4 кандидаттың ішінен бірінің сай­лауал­ды бағдарламасы халыққа ұнап, көп­ші­лік дауысқа ие болып, депутат бол­ды делік. Депутат болғаннан кейін өзі­нің сайлауалды бағдарламасын орын­дамаса, халықпен кері байла­ныс орнатпаса, халық сол кандидатты қай­тадан қайтарып алу тетігіне ие бо­лып отыр. Бұл ұстаным демократия дәс­түрлерін нығайтып, халық пен де­путаттар арасында өзара жауап­кер­шілік пен сенімге негізделген жаңа сая­си мәдениетті қалыптастырады. – Реформаның нәтижесін қа­шан көре бастаймыз? – Референдумның мақсаты мем­ле­кеттік басқару механизміне өз­­­герістер енгізу арқылы саяси, құқық­тық жүйені жетілдіру болды. Ата Заңы­мыздың 33 бабына енгізілетін 56 тү­зетудің нәти­жесінде құқық қорғау са­ласында елеулі өзгерістер болады. Атап айтсақ, Конституциялық сот құ­ры­лады. Бұдан былай адам құқықтары жө­ніндегі уәкіл, яғни омбудсмен мәр­те­­бесі Ата Заңмен айқындалады. Мұ­ның бәрі азаматтардың құқығы мен бостан­дығын қорғау үшін жа­­салып отыр. Сондай-ақ бүкіл­ха­лық­тық референдум мемлекет ісін ха­лық­тың өзі айқындай­тындай жағдайға жет­кізуді мақсат тұт­ты. Еліміздің ең маңыз­ды құжаты, яғ­ни Ата заңымыз ха­лық үшін жұмыс іс­тейді. Алдағы уа­­­қытта Конститу­ция­ның 30 пайы­зы­на енгізілетін өзгеріс – еліміздің бо­ла­шағы үшін өте маңызды дүние. Ре­фе­рендум бізді демократиялық құн­ды­­лық­тарға қарай бағыттайтыны анық. Референдум нәтижесінің іске асуын бірнеше кезеңге бөлген жөн. Бүкілхалықтық референдумның өтуі – Жаңа Қазақстанға жасалған ал­ғаш­қы қадам. Ал екінші кезеңде Қа­зақстан Республикасының Пре­зи­денті туралы, Парламент депу­тат­тары­ның мәртебесі туралы, Саяси партия­лар туралы заңдар еліміздің бас құжа­ты Ата Заңға сүйене отырып өзгер­ті­ле­ді. Ал үшінші кезеңде қарапайым өмір­де қолданыста жүрген заңдар, ко­декстер конституциялық негіз­де­меге сүйене отырып өзгертіле бас­тайды. Бұл про­цестер біршама уа­­қытқа созылады. Ал аталмыш ре­фор­­маның іске қо­сылуы үшін осы жыл­­дың аяғына дейін 20 заң қабыл­да­нады. – Жақында өзіңіз өңірлерді ара­лап, халықтың жай-күйімен та­­­нысып қайттыңыз. Шалғайдағы ха­лықтың қандай мұң-мұқтажы бар екен? – Референдумның алдында «AMANAT» партиясының мүшелері өңірлерде жұ­мыс сапарымен болып, ел аралап қайт­ты. Өзімнің туған жерім Қызы­л­ор­даға ат басын бұрып, халық­пен жүз­бе-жүз кездесіп, түсіндіру жұмыс­тарын жүргіздік. Көпшіліктің кө­кейін­де жүрген өзекті дүниелерді тал­қылап, түйткілді мәселелерді тың­дадық. Қалаларда инфрақұрылым мә­се­лесі шешілгенімен, нағыз тір­шіліктің қайнап жатқан ортасы – аудан мен ауылдар. Ауылдағы ағайын­ға бірінші кезекте өңірдегі мәселенің ше­шілуі маңызды. Халыққа керегі – әлеу­меттік жағдайдың жақсаруы. Ай­мақ­тарда ауызсу, жол және газ мә­се­ле-сі өзекті. Елді мекендерде инф­ра­құры­лымның сапалы түрде дамуы, ин­тернет, байланыс мәселесі де маңыз­ды. Кей аймақтарда телефонмен сөй­лесудің өзі мұң екені жасырын емес. Міне, осындай мәселелердің оң ше­шім табуы үшін нақты жобаларды жү­зеге асыруымыз керек. – Еліміз Жаңа Қазақстан ке­зеңі­не аяқ басты. Жаңа Қазақстан қан­дай болуы керек? – Президентіміз ұсынған оң өз­геріс­тер мен реформалардың іске асуы­на, Жаңа Қазақстанның аяғынан нық тұрып, қалыптасуына үлес қосу – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы. Ха­лық өзгерістерді қолдау арқылы Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақ­стан­ды құруға мүмкіндік беріп отыр. Бұл – ел дамуы үшін маңызды қадам. Мі­не, біз референдумның алғашқы нә­тижесін көріп отырмыз. Елімізде Ұлы­тау, Абай, Жетісу облыстары құры­лып, жаңа заң аясында жұмысын бас­тады. Алдағы уақытта Конституция ая­сында жаңа заңдар қабылданып, ары қарай халық игілігіне қарай іске асы­рыла бермек. – Осы орайда біз ескі кадрлар­мен Жаңа Қазақстан құра аламыз ба деген заңды сауал туындайды. Жаңа Қазақстанға қандай кадрлар керек? – Бүгінде Үкімет мүшелері жастар­мен толыға бастады. Жастардың би­лік­ке келуі, мемлекет ісіне араласуы көңіл қуантады. Лауазымды қызмет ат­қарып жүргендердің арасында ми­нистр, вице-министрлер, облыс әкі­мі­нің орынба­сарлары бар. Жаңа Қа­зақ­стан­ды құруға жастардың көптеп ат­са­лысуы өте маңыз­ды. Алайда біз аға буын­ның ақы­лы мен тәжірибесіне мұқ­таж екенімізді ұмыт­пауымыз қа­жет. Аға буын мен жас­тардың арасын­да үлкен диалог алаңы болуы керек. Жаңа Қазақстан үшін жас саясаткерлер мектебін қалып­тастырудың маңызды екені анық. Бұл бағытта «AMANAT» пар­тиясының бас­ты мақсаты – көзі ашық, көкірегі ояу, ел қамын күйттеген аза­маттардың мем­лекет ісіне ара­ла­сып, мінберлерден сөй­леуіне мүм­кін­дік беру. – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «...Партия популизммен ай­­­­налыспауы керек және мүмкін емес нәрсеге уәде бермеу керек», – де­ді. Жалпы халықтың партияға сенімділігі қалай қалыптасады? – Ең басты принцип – нақты істер. Біз статистика қуаламауымыз керек. Бұл «AMANAT» партиясына ғана емес, барлық саяси партияға қатысты. Қазір елімізде партия құру біршама жеңіл­деді. Бұрын партияның 40 мың мүшесі болу керек делінсе, кейін шектік мүше саны 20 мыңға, ал соңғы өзгерістерге бай­ланысты қазір 5 мың мүшесі бар пар­тия тіркеле алады. Еліміздің кез кел­ген азаматының партия құруға құ­қығы мен мүмкіндігі бар. Менің ойым­ша, қандай партия болсын, по­пулизммен айналысудың қажеті жоқ. Өйткені халыққа жалаң ұран қызық емес, олар нақты істер күтеді. – Жаңа Қазақстандағы «AMANAT» партиясының рөлі қан­дай? Пар­тия билікке ықпал ететін пар­­тия бола ала ма? – «AMANAT» – нақты істердің пар­тия­сы. Біз барлық жағдайда ашықтық прин­ципін ұстанамыз. Біздің басты мақ­сатымыз – халыққа неғұрлым жа­қын болу. Нақты істер мен нақты ше­шім­дер қабылдау. Ең бастысы, ха­лық­тың мәселесін тез арада альтернативті түрде шешіп беруге ұмтыламыз. – Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Арайлым Бимендиева