Бүгін Астана автобустарында жол жүру тегін

Бүгін Астана автобустарында жол жүру тегін

Бүгін Астана автобустарында жол жүру тегін
ашық дереккөзі
Бүгін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай елордалықтар қоғамдық көліктер қызметін ақысыз пайдалануда. Осыған орай Астана автобустарының барлық кондукторларына демалыс берілді.  Бүгін сағат 11:00-де ЭКСПО аумағында «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументі ашылады. Кешкі сағат 17.00-де «Астана Опера» театрында «Тәуелсіздікке шашу» мерекелік концерті өтеді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты концерт «Бәйтерек» монументінің алдында ұйымдастырылады. Концерт Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен өтеді. Ал ауқымды мерекелік отшашуды сағат 22:00-де елорданың бірнеше ауданында, атап айтқанда, Есіл өзенінің жағалауында, Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында және «Хан-Шатыр» сауда орталығының сыртында тамашалауға болады. Астанада мереке күндері қоғамдық тәртіпті, жеке және мүліктік қауіпсіздікті сақтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 1500-ге жуық ҚР ІІМ Ұлттық ұлан әскері мен полиция қызметкері, 200-ге жуық арнайы машина тартылады. Сондай-ақ, ТЖД жеке құрамынан 4 бөлімше, 204 адам жұмылдырылады.