«Пара алған»: тағы бір директор күдікке ілінді

«Пара алған»: тағы бір директор күдікке ілінді

«Пара алған»: тағы бір директор күдікке ілінді
ашық дереккөзі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазтеміртранс" АҚ Қостанай филиалының директорына "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Ол облыс кәсіпкерлерінен жүк вагондарын кедергісіз және жедел бергені үшін пара алған деген күдікке ілініп отыр. Күдіктіге қатысты қорытынды шешімді сот қабылдайды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Еске салсақ, 19 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлерімен кездесу өткізген болатын. Осы кездесуде Мемлекет басшысы бизнестің жұмысына заңсыз кедергі жасау ел мүддесіне қарсы бағытталған қылмыс ретінде қаралуға тиіс екенін айтқан еді.