Ұлттық құрылтай ұлт ұясы Ұлытаудан бастау алды

Ұлттық құрылтай ұлт ұясы Ұлытаудан бастау алды

Ұлттық құрылтай ұлт ұясы Ұлытаудан бастау алды
ашық дереккөзі
Бүгін Ұлытауда Ұлттық құрылтай жұмысын бастайды. Мемлекет бас­шы­сының 16 наурыздағы Жолдауында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің таратылатыны айтылған еді. Президент оның орнына ауқымы кеңірек, жаңа­дан құрамдалған Ұлттық құрылтай құруды ұсынған болатын. Ал өткен ап­тада Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусымда жаңадан құрыл­ған Ұлытау облысында өтетіні белгілі болды. Ұлттық құрылтайдан үміт көп Құрылтайдың алғашқы оты­ры­сы өтетін күннен бір күн бұрын Ұлт­­­­тық құрыл­тайды құру туралы Мем­­­лекет бас­шысының Жар­лығы шық­­ты. Жар­лықта Ұлттық құрыл­тай­дың ере­жесі мен құрамы, негізгі мін­дет­тері, со­нымен қатар жұ­мыс тәр­тібі бе­кітілді. Жарлыққа сәйкес, Ұлт­тық құрыл­­тай Президент жа­нын­дағы кон­сультатив­тік-кеңес­ші орган деп бекітілді. Жаңадан құрылатын Ұлттық құрыл­­тайдың бағыты мен ерек­ше­лігі қандай болмақ? Оны құрудың қан­дай маңы­зы бар? Құрылтайдың Төрағасы – Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқаев, Төра­ға­ның орынбасарлары – Мемлекет­тік кеңес­ші Ерлан Қарин, «Бас ре­дак­торлар клубы» рес­пуб­ли­калық қо­ғамдық бірлестігінің президенті Би­бігүл Жексенбай, ал хатшы қыз­ме­тіне Президент Әкімшілігі Бас­шы­сының орынбасары Аида Балаева бекітілді. Одан бөлек, құрылтайға мүше 113 адамның тізімі жариялан­ды. Олардың біразы – Қоғамдық се­нім кеңесіне мүше бол­ған­дар. Құ­жатқа сәйкес, Төраға Ұлттық құрыл­­тайдың қыз­метін басқарады, құрыл­тайдың отырыстарын өткізу ор­ны мен уақытын айқындайды, Төра­ғаның орын­ба­сар­ларына, Ұлт­тық құрылтайдың мүшелеріне және хат­­шысына тапсырма береді. Төраға орынбасары Мемлекеттік кеңес­­ші құрылтай отырыстарының күн тәртібін бе­кітеді және Төрағаның тап­сыр­маларын орындайды. Хатшы белгілі бір мәселеге байланысты бел­гіленген тәртіппен сарапшылар, ға­лым­дар мен мамандардың басын қосады, Ұлттық құрыл­тай отырыстарын ұйымдастырып, өт­кізеді, оған қоса Төрағаның және Төраға орын­басарларының тапсырмалары бойын­ша басқа да жұмыстарды атқарады. Белгілі мемлекет және қоғам қайрат­кер­лерінің, саяси партиялар, үкімет­тік емес сектор, бизнес-қауымдастықтар, са­рап­шылар қоғамдастығы және облыс­тар­дың, республикалық маңызы бар қала­лар­дың, астананың қоғамдық кеңестері өкіл­дерінен жасақталған құрылтайдың құрамы кезең-кезеңмен, ротация жүргізу тәртібімен жаңар­тылып тұратыны да айтылған. Ұлттық құрылтай мүшелері жұмыс жоспары, оты­рыстардың күн тәртібі мен талқылауға ұсы­ныс айта алады, материалдарды дайындауға қа­тысуға, құрылтайдың отырысында қара­латын мәселелерді қоғаммен талқылайды және түсіндіреді. Құрылтай мүшелері өз құ­зыретін басқа азаматтарға бере алмайды. Құжатта құрылтайдың негізгі 3 міндеті ай­қындалған: қоғам бірлігін дамыту, жал­пыұлт­тық құндылықтарды нығайтуға бай­ла­нысты ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу; жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік ор­гандардың өкілдері арасында сындарлы диа­логты қамтамасыз ету; заңнамаға қайшы кел­мейтін өзге де қызметті жүзеге асыру. Құрылтайдың өту тәртібі бойынша оның оты­рыстары қажеттігіне қарай, жылына ке­мін­де бір рет өткізілуге тиіс. Егер Ұлттық құрыл­тайдың отырысына оның мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, оның құқықтық күші бар деп саналады. Со­нымен қатар отырыстарға Төрағаның ше­шімі бойынша құрылтайға мүше емес лауа­зымды тұлғалар, сондай-ақ қоғамдық ұйым­­дардың, бұқаралық ақпарат құралдары­ның өкілдері шақырылуы мүмкін екені жа­зылған. Ұлттық құрылтайда айтылған ұсы­ныс­тар мен бастамалар айтылған күйі қалмайды, сол мәселенің бағытына бай­­ланысты мемлекеттік органдар, қоғам­дық бірлестіктерге жолданады. Жауапты ор­­­­гандар оларды қарап, шара қабылдап, жұ­мыс нәтижесі туралы мәліметті құрылтай мүшелеріне белгіленген тәртіппен жолдайды. Құрылтайдың жұмысы, онда айтылған, қарал­ған, талқыланған мәселелер бұқаралық ақ­парат құралдарында жарияланып отыра­ды. Әу баста айтып өткеніміздей, құрыл­тай­дың алғашқы жиыны жаңадан құрыл­ған үш облыстың бірі – Ұлытауда өтеді. Ұлытау қазақтың ерте кездегі саяси ор­та­лығы ретінде маңызды болғаны тарих­тан, тарихшылардың нақты зерттеу еңбек­тері­нен белгілі. Ұлттық құрылтай жалпыхалықтық диалог платформасына айналуға тиіс екені, осылайша тарихымыздағы дала де­­мократиясы дәстүрі, Ұлытау, Ордабасы мен Күлтөбедегі келелі кеңестер жаң­ғыра­тынын Мемлекет басшысы осы құрылтайды құру туралы алғаш бастама көтергенде ай­тып өткен болатын. – Біз бірліктің бастауы болған дала де­мок­ратиясының бастауын жалғастыруымыз керек. Құрылтай қоғамдық диалогтың бір­тұ­тас институтционалдық моделін қалып­тас­тыруға тиіс. Сөйтіп, билік пен халықтың ара­сындағы дәнекерге айналатын болады. Қа­зіргі қоғамдық кеңестің бәрін өз ай­на­ла­сына топтастырады. Ұлттық құрылтайдың құра­мында барлық аймақтың өкілдері бо­лады. Сондай-ақ оған Парламенттің бір­қа­тар депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Аза­маттық альянс, қоғамдық кеңес пен ұйым­дардың мүшелері, белгілі мемлекет қай­раткерлері және тағы басқалар кіреді, – де­ген еді Мемлекет басшысы. Бүгін өтетін құрылтайдың негізгі ба­ғы­ты мен бағыт-бағдары туралы ұлт­тық құрылтай мүшелерінен сұрап көрдік. Олар­дың айтуынша, құрылтайдың негізгі мақ­саты – қоғамды жұдырықтай жұмыл­дыру, бірлік пен ынтымақты нығайтып, бір жа­ғадан бас, бір жеңнен қол шығару, тек сон­да ғана ел жаңарып, өшкеніміз жаңғыра­ды, болашағымыз айқындалады. Ерлан САЙЫРОВ, Мәжіліс депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі: Ұлттық құрылтайдың ең негізгі міндеті – елдің бірлігін, ынтымағын нығайту
– Ұлттық құрылтайдың ең негізгі мінде-ті – қазіргі өте күрделі, шиеленісіп тұрған гео­саяси жағдайда біздің елдің бірлігін, ын­ты­мағын нығайту, ұлттық консолидация те­тіктерін әзірлеу. Яғни, ең негізгі мақсат – мем­лекетіміздің моральдық, рухани, саяси дамуы үшін қандай алғышарттар керек еке­нін анықтау. Болашақ ұрпаққа мығым, мыз­ғымас мемлекетті аманаттап тапсыру үшін еліміздің тұғырнамасы қандай болуы ке­рек екенін анықтауға тырысу. Дүние­жүзін­де құндылықтар қақтығысы болып жатыр. Ұлттық құрылтай сыртқы оқиғалардың елі­міздегі ахуалға әсерін азайтып, әртүрлі сая­си көзқарастағы жандардың басын қосу­ды көздеуі керек. Біздің ұстанымымыз, кей­бір мәселеге қатысты пікіріміз басқаша бол­ғанымен, ортақ құндылығымыз – Қазақ­стан­ның тәуелсіздігін сақтап қалуда бірігуі­міз керек. Ең алдымен әлеуметтік әділетсіздік, эко­номикадағы монополия секілді өзекті мә­селелерді шешіп алмай, қоғамды тұтастай біріктіру мүмкін емес.
Светқали НҰРЖАН, ақын, Ұлттық құрылтай мүшесі: Түп қазығымызға оралып, болашақты бағдарлайтын келелі жиын өтетініне сенемін
– Ұлттық құрылтайдан үмітім үлкен. Ең ал­­дымен айта кететін нәрсе – бұл бас­та­ма­ның ым-ишара, ырымының өзі ерекше. Жиын­ның баяғы бабаларымыздың ізін жал­ғастырып, Ұлытау жерінде Жошы ханның ба­сында өткізілгелі отырғанының өзі мем­ле­кетіміздің шынымен де өз түп қазығына ора­лып, сол арқылы болашаққа бағытын бағ­дарлайтын үлкен, келелі жиын болады де­ген сенімнің ұшқынын ұялатады. Қазақ даласында талай-талай құрыл­тай өткені белгілі. Әбілқайыр ханды бас сардар сайлаған 1710 жылғы Қарақұм құрыл­тайы бар, Мәртөбеде өткен, Күлтөбеде, Ор­дабасында, Ұлытауда өткен жиынның бар­лығы біздің тұғырлы кезеңдерімізде де, сын­дарлы кезеңдерімізде де, қиын-қыстау кез­дерімізде де күш алып, рух алып отыра­тын қасиетті ордаларымыз болған ғой. Ал бұл құрылтайда еліміздің мемле­кет­тігін баянды ететін, ұлтымызды тұғырлы ете­тін, елге рухани серпін беретін мәселелер қам­тылады деп есептеймін, соған үміт етет­мін.
Сенім кеңесі сенімді ақтай алды ма? Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы шешім Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде айтылған еді. Кеңес Президент жанындағы консульта­тив­тік-кеңесші орган ретінде жұмыс істеді. Ұлт­тық қоғамдық сенім кеңесі несімен есте қал­ды? Ұлттық деген сөздің жүгін көтере­тін­дей нендей маңызды мәселелер көтерілді? Сенім кеңесінің ресми сайтында ор­ган­­ның негізгі мақсаты халық, саяси пар­тиялар, азаматтық қоғам өкілдерінің тал­қылауынан өткен мемлекет саясатындағы өзек­ті мәселелерге байланысты ұсыныстар мен ұстанымдарды жинау екені айтылған. Жалпы, органның мақсаты мемле­кет­тік бағдарламалар және норма­тив­тік-құқықтық актілердің жобасына қо­ғам­дық сараптама жасау, маңызды страте­гия­лық проблемаларды талқылау, оған қа­тыс­ты жұртшылықтың пікірін ескеру, халық пен билік, мемлекеттік органдардың арасын­да диалог орнатуға ықпал ету болды. 3 жылда Сенім кеңесінің көтерген бас­та­маларының біразы заңмен бекітілген екен. Ресми мәліметке сүйенсек, бейбіт жиын­дар­ды өткізу тәртібінің өзгергені, сайлаудағы пар­­тия тізіміне әйелдер мен жастардың 30 пайыз квотасының енгізілгені, өлім жаза­сы­на тыйым салынғаны, педофилдерге қол­да­на­тын жазаның күшейгені, саяси партия­ларды тіркеу межесі төмендетілгені, сайлау бюл­летеніне «Бәріне қарсымын» графасы енгі­зілгені, саяси партиялардың мәжіліске өту шегі төмендетілгені, ауыл әкімдерін тіке­лей сайлау және ең бастысы – шетел азамат­тарына жерді сатуға және жалға беруге тыйым салынғаны осы кеңес жұмысының нә­ти­жесі екені айтылады. Нақты сандармен дәйектейтін болсақ, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде айтылған мәселелер бойынша 100-ден астам нормативтік-құқықтық акті қабылданған екен. Соның ішінде Президент Жарлықтары, үкімет қаулылары мен заңдар бар. Мәселен, Президенттің биылғы Жол­дауын­да айтылған тапсырма­лар мен жүктелген міндеттердің біразы, рефе­рен­думға шығарылған ұсыныстардың кей­бірі Сенім кеңесінде бастама ретінде кө­теріл­ген. Соның ішінде Президенттің партияға жетекшілік етуіне тыйым салу, әкім­дердің партия филиалдарын басқару құ­зыретін шектеу, Мәжіліс депутаттарын ара­лас жүйемен сайлау, сайлаудағы бақы­лау­шы­лардың құқықтары мен міндеттерін ай­қын­дау, саяси партияны тіркеуге қажет адам са­нын азайту, Мәжілістегі Ассамблеяның кво­тасын қысқарту сияқты күн тәртібіндегі өзек­ті болып тұрған мәселелерді айтып өту керек. Яғни, осыған дейін тізбектеп айтқан мәліметтер Ұлттық қоғамдық сенім кеңе­сінде көтерілген мәселелер жетер жеріне жетіп, мақсат орындалды деп айтуға мүм­кіндік беретін сияқты. Кей сарапшы­лар­дың сөзіне сүйенсек, орган өз миссиясын сәт­ті орындаған, сонымен қатар Сенім кеңе­сі Конституция реформасына ықпал етті деген де пікір айтылып жүр. Марат БӘШІМОВ, Еуропалық құқық және адам құқықтары жөніндегі институт директоры: Қоғамдық саяси кеңес құрыл­маған болса, референдум да, реформалар да болмас еді
– Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі саяси-құқықтық реформалардың моделінің жасақ­талуына үлкен үлесін қосты. Осылайша, тізе беруге, жалғастыра беруге болады, Ұлттық кеңес үлкен-үлкен мәселелерді көтеріп отыр­­ды. Оның ішінде тұтынушылардың құ­қы­­ғын қорғау мәселелері, жалпы адам құ­қық­тары мәселелері қаралды. Ал қарапайым аза­маттың құқығын қорғайтындар аз. Сөз бос­тандығы мәселесі көтерілді, ол да де­мо­к­ра­тиялық дамудың бір тетігі екені анық. Одан бөлек, Бейбіт жиналыстар тура­лы заңды Президент осы сенім кеңесі отыры­сында ұсынды. Заң жобасы ха­лық­ара­лық стандарттарға, атап айтқанда аза­мат­тық және саяси құқықтар туралы ха­лық­аралық пактінің 21-бабына сәйкес ке­леді, өйт­кені ең бастысы – ерік білдіру құқы­ғы қам­тамасыз етілді. Кеңес құрамында біршама еңбек еткен азаматтардың біразы Мәжіліске барды, енді олардың кейбірі Ұлттық құрыл­тай­дың құрамына кіріп отыр. Қорыта айт­қан­да, орган үш жыл ішінде табысты да же­місті жұмыс атқарды. Қоғамдық саяси кеңес құрылмаған болса, референдум да, ре­­­фор­малар да болмас еді.
P.S. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі таратылып, орнына Ұлттық құрылтай құрылады дегеннен-ақ оның маңызды мәселелерді талқылау үшін тұрақты түрде шақырылып отыратыны айтылды. Яғни, сенім кеңесінің жұмысы одан әрі кеңейтілген түрде жалғасып, тың бастамалар көтеріледі, мәртебесі де жоғары болады. Құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, өндіріс және ауыл шаруашылығы салаларында еңбек ететін азаматтар, кәсіпкерлер және басқа да қоғам белсенділері шақырылатыны, одан бөлек аймақтағы қоғамдық кеңестердің атынан кем дегенде бір адам мүше болатыны сол кезден белгілі болды. Яғни, қоғамдық кеңестердің бәрі Ұлттық құрылтайға топтастырылмақ. Осы арқылы халықтың билікке жетпей жатқан базынасы мен талап-тілегі тегіс тыңдалады деген үміт бар. Атына, ұйымдастырылу тәртібіне қарап, бұл жиынның бұрынғы жиыннан өзгеше болатынына сенім артқандар көп. Не десек те, бүгін ел үмітін арқалаған азаматтардың басын қосатын құрылтай бұрынғы ата жолын жалғастырып, сол арқылы болашаққа бағдар алатын, халықтың мәселесі көтерілетін, көтерілген мәселелер ескерусіз-елеусіз қалмайтын келелі жиынға айналуға тиіс.