«Құрылтайда ұзақмерзімді сипаттағы мәселелер талқыланады» – Ерлан Қарин

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың құрылу себебі мен оның мақсатын түсіндірді деп жазды turkystan.kz.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз жұмысын аяқтағанымен оның негізгі мүшелері Ұлттық құрылтай құрамына кірді. Мемлекет басшысы жаңа құрылым жайында алғаш рет наурыздағы Жолдауында мәлімдеген болатын. Ұлттық құрылтай не үшін құрылды? Ол қоғамның бірігуін нығайту және кеңейтуге идеялар мен қадамдар іздеу әрі әзірлеу үшін диалог платформасына айналуды мақсат тұтады» деп жазды Ерлан Қарин өзінің Telegram арнасында.

Мемлекеттік кеңесші Ұлттық құрылтайдың Ұлттық қоғамдық кеңестен қандай айырмашылығы барын да айта кетті.

«Егер Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіндегі пікірталас тақырыбы ағымдағы әлеуметтік-экономикалық проблемалар, саяси реформалар мәселесі болса, ал Ұлттық құрылтайда талқылау тақырыбы жалпыұлттық құндылықтар негізінде қоғам бірігуінің одан ары дами түсуіне қатысты ұзақмерзімді сипаттағы мәселелер болады» деп жазды Ерлан Қарин.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button