Исекешевтің қазақшасына Елбасының көңілі толмады

Исекешевтің қазақшасына Елбасының көңілі толмады

Исекешевтің қазақшасына Елбасының көңілі толмады
ашық дереккөзі
Тəуелсіздіктің 25 жылдығына орай елордада ЭКСПО көрмесінің аумағында бой көтерген жаңа монументтің ашылу салтанатында  Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының əкімі Əсет Исекешевтің қазақшасына түсіне алмай, əкімге құттықтауды ресми тілде жалғастыруға рұқсат берді, деп хабарлайды, ҚазАқпарат. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев монументтің ашылуына жиналған халықты Тəуелсіздік күнімен құттықтап,  Қазақстан мен Астанадағы сəулетті монументтердің жылнамасына тоқталып өтті. Ал, Тəуелсіздіктің 25 жылдығын аңғартатын жəне 2017 жылдағы басты алаң - Экспо көрмесінің маңында орналасқан биік монументтің маңыздылығына тоқталған Елбасы ортаға монумент авторларын шақырды. Бірақ, монумент авторлары ортадан табылмаған соң, Мемлекет басшысы Астана қаласының əкімі Əсет Исекешевті жанына шақырды. "Негізі, бүгін сен (Əсет Исекешев) бүкіл жайды баяндау керек едің, бірақ, аязда мен баяндама жасадым", - деп қалжыңдаған Мемлекет басшысы Əсет Исекешевпен бірге ортаға шыққан құрылыс компаниясының өкілін тыңдады. Монументті салған құрылыс компаниясы есеп берген соң, елорда əкімі Əсет Исекешев халықты құттықтау үшін дайындап келген баяндамасын оқи бастады. "Аса мəртебелі Елбасы! Қадірлі салтанатқа жиналған қауым! Еліміздің ең ұлық та қасиетті мерекесі - Тəуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы құтты болсын. Осы ширек ғасыр ішінде арман-мұраты айқын, жасампаз елге айналдық", - деп баяндамасын бастаған Əсет Исекешевті Елбасы тоқтатып, "түсініксіз, орысша жалғастыра бер",-деді. Астана əкімі құттықтауын ресми тілде жалғастырды.