Тоқаев мемлекетке қайтарылуы тиіс активтер жайлы айтты

Тоқаев мемлекетке қайтарылуы тиіс активтер жайлы айтты

Тоқаев мемлекетке қайтарылуы тиіс активтер жайлы айтты
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында шетелге заңсыз әкетілген қаражат пен активтерді қайтару жөнінде баяндады деп хабарлады turkystan.kz. Мемлекет басшысы ресейлік журналистің «Егер Екінші Республиканың мақсаттарының бірі - әділеттілік болса, онда бір нәрсені алып қою, бөлісу әділетті ме? Жаңа әділеттілік іздейміз деп, әділетсіздіктің басқа түрін тауып алу қауіпі туындамай ма?» деген сауалына жауап берді.
«Әрине, мұндай қауіп бар. Мен сіздің сұрағыңыздың астарын жақсы түсіндім. Соған қарамастан мен өз уақытында заңсыз жекешелендірілген активтерді мемлекеттік меншікке қайтарумен айналысатын комиссия құрдым.  Мұндай активтер мемлекетке қайтарылады. Мұнда ешқандай экспроприация жоқ. Мен «алып қою және бөлісуден» мүлдем алыспын. Мұның бәрі заңды түрде жасалды, әсіресе, егер ірі компаниялар, сондай-ақ орта компаниялар біздің заңнамаға сәйкес жұмыс істесе, әрине, экспроприация болмайды. Бұл біздің қоғамдағы әлеуметтік тұрақсыздықты тудырады. Бірақ сонымен бірге адамдардың өздері де куә. Бізде экономика басқа елдердегідей, атап айтқанда, Ресеймен салыстырғанда үлкен емес, біз әділ түрде не істелгенін және заңға қайшы не істегенін біліп отырамыз. Сондықтан бұл міндет өте маңызды. Ол біртіндеп жүзеге асырылады, орындалады», - деді Президент.
Бұдан басқа өзінің шетелге заңсыз әкетілген қаражат пен активтерді қайтару жөнінде ведомствоаралық жұмыс құрғанын жеткізді.
«Бір-екі күн ішінде мұны орындау мүмкін емес екенін түсінемін. Біраз жыл қажет болуы мүмкін, бірақ бұл жұмыспен айналысуымыз керек. Мұндай активтер заңға қайшы шетелге экспортталғандықтан, олар өздерінің заңды иелерін табуы керек. Ал заңды иесі біздің Конституциямызға сәйкес халық болып саналады және халық атынан барлық активтерді Парламентке, бүкіл халыққа есеп беретін мемлекет басқарады», - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.