Қоянды ауылында төтенше жағдай жарияланды

Қоянды ауылында төтенше жағдай жарияланды

Қоянды ауылында төтенше жағдай жарияланды
ашық дереккөзі
Ақмола облысының Қоянды ауылында электр стансасына найзағай түсіп, төтенше жағдай жарияланды деп хабарлады turkystan.kz aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
«13 маусымда сағат 17.00 шамасында ауылды электр жарығымен қамтамасыз етіп тұрған стансаға найзағай түсті. Ауылдың 90 пайызы бір тәуліктен астам жарықсыз отырды. Тек Софиев ауылына өтіп тұрған электр желісіне қосулы 10 пайыз үйде ғана жарық болды. Электр стансасын 14 маусым күні сағат 00.30-да толық іске қостық», –  деді Қоянды ауылының әкімі Айбек Есеев.
Электр стансасының істен шығуына байланысты 2 500-ден астам үй бір тәулікке жарықсыз қалған. Әкімнің айтуынша, станса толықтай қалпына келтірілген.