Жаңалықтар

«Реал Мадрид» университетінен алғашқы қазақстандық маман диплом алды

ашық дереккөзі

«Реал Мадрид» университетінен алғашқы қазақстандық маман диплом алды

Спорт дәрігері Нұрсұлтан Енікеев «Реал Мадрид» университетін тәмамдаған алғашқы қазақстандық маман атанды деп хабарлады turkystan.kz.  Отандасымыз спорт ғылымдары факультетінің магистратурасын аяқтады. Нұрсұлтан «Реал Мадрид» академиясында және «Леганес» футбол клубында 6 айлық тағылымдамадан өтті. Ол 14 маусым күні «Реал Мадрид» футбол клубының базасында диплом тапсыру рәсіміне қатысты. Түлектерге дипломды «корольдік клубтың» президенті Флорентино Перес табыстады. Сондай-ақ 2020 жылы Нұрсұлтан Енікеев Қазақстаннан Халықаралық Олимпиада комитетінің сертификатын алған алғашқы дәрігер болды.