«Реал Мадрид» университетінен алғашқы қазақстандық маман диплом алды

«Реал Мадрид» университетінен алғашқы қазақстандық маман диплом алды

«Реал Мадрид» университетінен алғашқы қазақстандық маман диплом алды
ашық дереккөзі
Спорт дәрігері Нұрсұлтан Енікеев «Реал Мадрид» университетін тәмамдаған алғашқы қазақстандық маман атанды деп хабарлады turkystan.kz.  Отандасымыз спорт ғылымдары факультетінің магистратурасын аяқтады.  width= Былтыр Мадрид қаласындағы жоғарғы оқу орнының түлектерінің салтанатты кеші коронавирустық пандемияға байланысты өтпей қалып, 2022 жылға шегерілген. Биыл аталмыш іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оқу барысында магистранттар Еуропаның жетекші университеттерінің көрнекті профессорлары, спорт ғалымдары, әлемдік рейтингідегі ТОП-5 футбол лигаларының мамандарымен тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.  width= Нұрсұлтан «Реал Мадрид» академиясында және «Леганес» футбол клубында 6 айлық тағылымдамадан өтті. Ол 14 маусым күні «Реал Мадрид» футбол клубының базасында диплом тапсыру рәсіміне қатысты. Түлектерге дипломды «корольдік клубтың» президенті Флорентино Перес табыстады. Сондай-ақ 2020 жылы Нұрсұлтан Енікеев Қазақстаннан Халықаралық Олимпиада комитетінің сертификатын алған алғашқы дәрігер болды.  width=