«Астана», «Қайрат», «Қызыл-Жардың» Конференция лигасындағы қарсыластары анықталды

«Астана», «Қайрат», «Қызыл-Жардың» Конференция лигасындағы қарсыластары анықталды

«Астана», «Қайрат», «Қызыл-Жардың» Конференция лигасындағы қарсыластары анықталды
ашық дереккөзі
Бүгін Қазақстандық клубтардың Конференция лигасының екінші кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz Ньон қаласында Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, оған қазақстандық үш клуб қатысты. «Қызылжар» - «Осиек» (Хорватия),  «Астана» - «Ракув» (Польша), «Қайрат» - «Кишвард» (Венгрия) командасымен кездеседі. Алғашқы ойын 21 шілде, қарымта кездесу 28 шілдеге жоспарланған. «Астана» ғана алғашқы матчты сырт алаңда бастайды. Қалған екі қазақстандық клуб бірінші кездесуді өз жерінде өткізеді. Ал қостанайлық «Тобыл» Чемпиондар лигасының бірінші кезеңінде венгриялық «Ференцварош» командасымен кездесетіні кеше белгілі болды. Егер жеңсе «Слован» (Словакия) – «Динамо» Батуми (Грузия) жұбының жеңімпазымен ойнайды. Ал жеңілсе Конференция лигасының екінші айналымында «Шкупи» (Македония) – «Линкольн Ред Импс» (Гибралтар) кездесуінің жеңілгенімен жолығады.