WhatsApp-та көптен күткен функция іске қосылды

WhatsApp-та көптен күткен функция іске қосылды

WhatsApp-та көптен күткен функция іске қосылды
ашық дереккөзі
Енді чат мұрағатын Android-тен iPhone-ға көшіруге мүмкіндік бар. Бұл туралы Meta-ның бас директоры Марк Цукерберг Facebook-те жазды деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, чат мұрағатын көшіруді қолданушылар бұрыннан сұрап жүрген.
«Біз WhatsApp-қа телефондар арасында қауіпсіз көшіру мен чат, фото, видео, аудио хабарламаларды Android пен iPhone арасында өткізу функциясын қосып жатырмыз. Бұл - ең сұранысқа ие функция. Былтыр біз iPhone-нан Android-ке ауысу функциясын іске қостық, енді Android-тан iPhone-ға ауысуды қосып жатырмыз», - деді Цукерберг.