«Заң бәріне бірдей»: Қошанов мәлімдеме жасады

«Заң бәріне бірдей»: Қошанов мәлімдеме жасады

«Заң бәріне бірдей»: Қошанов мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов шетелге кеткен заңсыз қаржыны қайтаруға қатысты сұраққа жауап берді деп хабарлады turkystan.kz. 
«Біз бүгін аталған заңды мақұлдадық. Ол Сенатқа жолданды. Содан соң тиісті нормативтік актілер қабылданады. Сыртқа кеткен ақшаны қайтару бойынша Президент тарапынан тиісті комиссия құрылған. Ол комиссия тек Президентке ғана бағынады. Екі апта сайын есеп береді. Әрине, ол оңай жұмыс емес. Шетелге кеткен ақшаның заңсыз екені біздің мемлекеттің ғана емес, сол елдің заңымен дәлелденуі керек, – деді Қошанов. 
Мәжіліс төрағасының айтуынша, заң алдында барлық азамат тең. Сол үшін шетке кеткен қаржы қалайда қайтарылуы тиіс.
«Заң бәріне бірдей. Егер қаржы заңсыз шетелге жөнелтілсе, ол кері қайтарылады. Бірақ,  бұл – өте күрделі жұмыс. Егер жылысталған қаржы болатын болса, ол туысқан ба, лауазымды қызметкер ме, заң алдында жауап береді», – деп мәлімдеді ол.  
Айта кетсек, Мәжілісте «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданған болатын.