Футболдан әлем чемпионатына қатысатын құрамалар белгілі болды
Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты финалдық сатысында бақ сынайтын барлық құрама анықталды деп хабарлады turkystan.kz.
Қараша айының 21-і мен желтоқсанның 18-і аралығында Катарда өтетін әлем чемпионатына қатысатын футбол құрамалары белгілі болды. Бес құрлықтан іріктелген мемлекеттер Азияда өтетін, жаһан жанкүйерлері күткен додада бақ сынайтын болады.
A тобы: Катар, Эквадор, Сенегал, Нидерланды;
B тобы: Англия, Иран, АҚШ, Уэльс;
C тобы: Аргентина, Сауд Арабиясы, Мексика, Польша;
D тобы: Франция, Дания, Тунис, Австралия;
Е тобы: Испания, Германия, Жапония, Коста-Рика;
F тобы: Бельгия, Канада, Марокко, Хорватия;
G тобы: Бразилия, Сербия, Швейцария, Камерун;
H тобы: Португалия, Гана, Уругвай, Оңтүстік Корея.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Австралия құрамасы әлем чемпионатына жолдама алған.
Әлем чемпионаты 2002 жылдан кейін Азия құрлығына қайта оралып отыр.