Жаңа электрпойыз жол қысқартады

Жаңа электрпойыз жол қысқартады

Жаңа электрпойыз жол қысқартады
ашық дереккөзі
 Елордадан «Астана-Қарағанды» және «Астана-Көкшетау» бағыттары бойынша жайлылығы жоғары екі жаңа электрпойыз қатынайтын болды, деп хабарлайды BNews.kz. «Астана-Қарағанды» маршруты бойынша: -Астанадан 14 сағат 55 минутта шығады. Электрпойыздың жол үстінде 3 аялдамасы бар, олар Вишневка, Осакаровка, Қарағанды-Сұрыптау станциялары. Бірінші класс вагонында жол жүру құны – 1 305 теңге, екінші класс вагонында жол жүру құны – 1 216 теңге, үшінші класс вагонында жол жүру құны – 1 010 теңге. Электрпойыз құрамында 2 вагон бірінші класс, 2 вагон екінші класс және 2 вагон үшінші класс. «Астана-Көкшетау» маршруты бойынша: -Астанадан 15 сағат 00 минутта шығады. Электрпойыздың жол үстінде 3 аялдамасы бар, олар Ақкөл, Макинка, Курорт-Бурабай станциялары. Бірінші класс вагонында жол жүру құны – 1 567 теңге, екінші класс вагонында жол жүру құны – 1 459 теңге, үшінші класс вагонында жол жүру құны – 1 2012 теңге. Электрпойыз құрамында 2 вагон бірінші класс, 2 вагон екінші класс және 2 вагон үшінші класс. Электрпойыздар әлемдік қала маңы стандартына толығымен сәйкес келеді. Сонымен қатар электрпойыздар Кедендік Одақтың техникалық регламентіне де сай. Жаңа құрамда жолаушыларға барлық жағдай жасалған: ыңғайлы жұмсақ кресло, пассивті қауіпсіз креш-жүйе, Wi-Fi базасындағы ақпараттық-ойын-сауық порталы (жолаушыларға жалпы ақпаратты көру мүмкіндігі беріледі, сонымен қатар көңіл көтеретін фильмдер мен ойындар) деректемелерді тіркеп отыратын салондар мен тамбурлардың бейнебақылау жүйесі, қазақ, орыс және ағылшын тілінде жол жүру параметрі туралы ақпараты бар «Жүгіртпе жол» ақпараттық таблосы және тағы да басқалары.  Электропойыздың жаңалықтары: -мүмкіндігі шектелген жолаушылар вагонға отыру үшін арнайы көтергіш; -қауіпсіздік белбеумен, жеңіл арбаны бекітуге арналған құрылғы және жолсерікті шақыру үшін жеке батырмасымен қамтамасыз етілген мүгедектер үшін жеке орындар; -мүгедек арбасын жылжыту мүмкіндігі үшін есігі кең алаңы ұлғайтылған экологиялық таза дәретхана кешені.