Жаңалықтар

Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

ашық дереккөзі

Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Мемлекет басшысы «Ш.Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. «Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын (марқұм)», - делінген хабарламада. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.