Тоқаев: қаңтар оқиғасында маған Қазақстаннан кетіп қалуға кеңес берді

Тоқаев: қаңтар оқиғасында маған Қазақстаннан кетіп қалуға кеңес берді

Тоқаев: қаңтар оқиғасында маған Қазақстаннан кетіп қалуға кеңес берді
ашық дереккөзі

Президент  Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаңтар қақтығысы кезінде  Қазақстаннан кетуге кеңес берілгенін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz «Россия 24» телеарнасына сілтеме жасап.

«Қаңтардағы наразылықтардың мақсаты – билікке мүлдем басқа адамдардың келуі. Өзіме қатысты келетін болсақ, қаңтар оқиғасы кезінде Президент  Резиденциясының ғимаратында болдым, ешқайда бармадым. Мен басынан бастап елордадан ешқайда кетпейтінімді айтқан болатынмын. Оның үстіне маған кейбір «адамдар» тікұшаққа отырып, Қазақстаннан кетіп қалуды ұсынды. Мен ондайды жоспарламадым және соңына дейін осында болуым керек деп есептедім», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында.
Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысының «Россия 24» телеарнасының журналисіне сұхбат бергенін растады. Телеарна сұхбаттың толық нұсқасын Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 14:30-дан кейін жариялайды.