Халық игілігі үшін жаңа қоғамдық көліктер берілді

Халық игілігі үшін жаңа қоғамдық көліктер берілді

Халық игілігі үшін жаңа қоғамдық көліктер берілді
ашық дереккөзі
AMANAT партиясының Шымкенттегі Абай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау  бөлмесіне Қорғасын  шағынауданы тұрғындары атынан Әсия Әлімқұлова келді. Ол №26 бағыттағы қоғамдық көліктердің жұмысына қатысты шағымын жеткізді. Сондай-ақ аталған мәселені реттеу бойынша партиядан көмек сұрады. Өтініш берушінің мәселесімен AMANAT партиясы  Абай аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі  танысып шықты. Аталған мәселе бойынша мамыр айында Шымкент қалалық Транспорт басқармасы тарапынан №26 бағытқа жаңа қоғамдық көліктер енгізілу жоспарда екенін және бұл жағдай таяу уақытта реттелетінін жеткізді. 16 мамырдан бастап №26 бағыттағы қоғамдық көлік маршрутына жаңа 10 автобус енгізілді. Ендігі уақытта №26 бағытта жұмыс күндері 10, демалыс күндері 8  жаңа автобустар қала тұрғындарын тасымалдайтын болады. Мәселе оң шешімін тапты.