Халық игілігі үшін жаңа қоғамдық көліктер берілді

15 маусым, 2022 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
Халық игілігі үшін жаңа қоғамдық көліктер берілді AMANAT партиясының Шымкенттегі Абай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау  бөлмесіне Қорғасын  шағынауданы тұрғындары атынан Әсия Әлімқұлова келді. Ол №26 бағыттағы қоғамдық көліктердің жұмысына қатысты шағымын жеткізді. Сондай-ақ аталған мәселені реттеу бойынша партиядан көмек сұрады. Өтініш берушінің мәселесімен AMANAT партиясы  Абай аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі  танысып шықты. Аталған мәселе бойынша мамыр айында Шымкент қалалық Транспорт басқармасы тарапынан №26 бағытқа жаңа қоғамдық көліктер енгізілу жоспарда екенін және бұл жағдай таяу уақытта реттелетінін жеткізді. 16 мамырдан бастап №26 бағыттағы қоғамдық көлік маршрутына жаңа 10 автобус енгізілді. Ендігі уақытта №26 бағытта жұмыс күндері 10, демалыс күндері 8  жаңа автобустар қала тұрғындарын тасымалдайтын болады. Мәселе оң шешімін тапты.