Ұлттық құрама FIFA рейтингі бойынша 133-орында

Ұлттық құрама FIFA рейтингі бойынша 133-орында

Ұлттық құрама FIFA рейтингі бойынша 133-орында
ашық дереккөзі
Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасы FIFA рейтингі бойынша 133-орынға тұрақтады. Ұлттық құрамалар арасындағы әлемдік рейтингті жаңартқан Халықаралық футбол федерациясы осындай қорытынды жасапты. Бұрын 138-орында болған Қазақстанның ұлттық құрамасы биыл 5 саты жоғарылаған. Футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы биылғы жылдың наурыз айында екі жолдастық кездесу өткізді. Еуро-2016 іріктеу турнирі аясында Исландия құрамасымен алаңда кездескен еліміздің ұлттық құрамасы 0:3 есебімен жеңіліс тапқан еді. Одан кейін наурыз айының соңғы күнінде Ресей құрамасымен тең ойнап, ойында есеп ашылмады. Халықпаралық футбол федерациясының шешімі бойынша биыл FIFA рейтингінің алғашқы ондығы төмендегідей түйінделген. Ең алғашқы орынына Германия ұлттық құрамасы жайғасыпты. Одан кейінгі орын Аргентинаға бұйырса, Бельгия үшінші орынға тұрақтады. Ал кейінгі орындардың реті былайша жалғасады: Колумбия құрамасы, Бразилия, Нидерланды, Португалия, Уругвай, Швейцария және оныншы орында Испания.