Шымкенттегі Еңбекші ауданында жол мәселесі оң шешімін тапты

Шымкенттегі Еңбекші ауданында жол мәселесі оң шешімін тапты

Шымкенттегі Еңбекші ауданында жол мәселесі оң шешімін тапты
ашық дереккөзі
AMANAT партиясының Шымкенттегі Еңбекші аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде партия төрағасы Досбол Есілбек тұрғындардың мәселелерін тыңдады. Қабылдауға Бадам тұрғын алабы, №195 кварталының тұрғындары атынан Балнұр Даниярқызы келіп, №5 көшенің жолдарын қайта жөндеу мәселесі бойынша көмек сұрады. Өз кезегінде «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық,  Еңбекші аудандық филиалының төрағасы Досбол Есілбек өтініш берушінің мәселесімен толыққанды танысып шықты. Мәселені қарай келе Еңбекші ауданының әкімі мен қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының  ықпалымен «АлемТрансЖол» ЖШС тарапынан жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарға енген. Аталған мәселе бойынша маусым айында Бадам тұрғын алабы №5 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт қабаты төселінді. Мәселе оң шешімін тапты.